12 шілде 16:00
Жартылай финал
19 қыркүйек 17:00
Финал
«Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қызметкерлері арасындағы кешенді КВН сайысы
Сайыс тақырыбы:
«Жұмысшы мамандықтар жылы»
19 қыркүйек 17:00
Финал
12 шілде 16:00
Жартылай финал
SK ӘЗІЛ FEST: SAMRUK BATTLE
SK Әзіл Fest: SAMRUK Battle жартылай финалы жақындап қалды – 12 шілдеде Жастар сарайында кездескенше!
10 команда, 5 жұп, басты қаруы – әзіл болатын үлкен баттл!
Жартылай финал жеңімпаздары!
SK Әзіл Fest: Samruk Battle - бұл әзіл, шабыт пен командалық рухтың нағыз мерекесі болды! Барлық командаларға жарқын өнерлері үшін алғыс білдіреміз. Ал енді жеңімпаздармен таныс болыңыздар:
Арнайы номинациялар:
  • «Үздік әзіл»
    Samruk United
  • «Эмоция патшайымы»
    KazPost
  • «Эмоция патшасы»
    QazaqGaz
  • «Samұрық Style»
    Казатомпром
  • «Әлеуметтік қаһарман»
    ҚазМұнайГаз
КҮЛКІ, ЭМОЦИЯ ЖӘНЕ ЖАРҚЫН КАДРЛАР!
Өткен жартылай финалдың ең жарқын сәттері енді қолжетімді. Толық фотобаянды төмендегі батырма арқылы көре аласыз.
Финалда кездескенше - 19 қыркүйек күні!
Сіздерді жұмысшы мамандықтарды суперқаһармандар ретінде таныстыратын ерекше КВН кешіне шақырамыз!
Энергетиктер, мұнайшылар, теміржолшылар, газ саласының мамандары және басқа да кәсіби сала өкілдері бір сахнада бас қосып, өз тапқырлығы мен шығармашылығын ортаға салады.

Сонымен қатар, іс-шара аясында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдауға шақырамыз – бұл туған жеріміздің тазалығы үшін қосқан үлесіңіз болмақ.
ШАҚЫРАМЫЗ!
ШАҚЫРАМЫЗ!
«SK Әзіл Fest: SAMRUK BATTLE»
жобасының тарихы
«SK Әзіл Fest» жобасы – «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы қызметкерлеріне арналған КВН форматындағы біріккен ойын.
Бұл жоба мұнай, энергетика, теміржол, газ, атом, тау-кен және басқа да салаларда еңбек ететін дарынды қызметкерлерді біріктірген қайырымдылық бастама ретінде дүниеге келді.

Бәрі қалай басталды
2024 жылы Қор алғашқы үлкен ойынды ұйымдастырып, оған Қор құрамасының және 8 портфельдік компанияның қатысуымен бастама жасалды. Ел экономикасына үлес қосып жүрген еңбек адамдарының рөліне назар аудару мақсатында ойын «Еңбек ханымдары мен мырзалары лигасы» атауымен өтті.
Ойынның басты ерекшелігі – оның қайырымдылық сипаты болды.
Жоба аясында жиналған қаражат мектептерде инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға және экологиялық бастамаларды қолдауға бағытталды.
Осының нәтижесінде биылғы наурыз айында Астанадағы Бауыржан Момышұлы атындағы №53 мектеп-лицейінде ерекше балаларға арналған инклюзия кабинеті ашылды.
Финалдық ойын 2024 жылғы 6 қарашада Астанадағы Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театрында өтті. Қазылар алқасының құрамында танымал қазақстандық әзілкештер, шоу-бизнес өкілдері мен медиатұлғалар болды. Командалар КВН дәстүріне сай бірнеше кезеңде бақ сынады: сәлемдесу, импровизация және музыкалық нөмір.

SK Әзіл Fest-2024 жеңімпаздары
Фестиваль чемпионы – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ атынан қатысқан «ҚТЖ.KZ» командасы. Олардың әзілдері, харизмасы және командалық жұмысы ойынды ерекше әрі есте қаларлық етті.
Күміс жүлде – «KEGOC» АҚ командасы «Мегаватт». Олар көрермендерді жарқын образдарымен және үйлесімді өнерімен тәнті етті.
Қола жүлде – «Тау-Кен Самұрық» командасы. Көрермендер олардың шығармашылығы мен актерлік шеберлігі үшін қол соқты.
Арнайы номинациялар:
  • Үздік әзіл
    «Samruk United» командасы
  • Көрермендер көзайымы жүлдесі
    «QazaqGaz» командасы
  • «SK Әзіл Fest Аруы»
    (Фестиваль аруы)
    Айжан Батырбекова,
    «ҰАК» командасынан

  • «SK Әзіл Fest Серісі»
    (Мистер фестиваля)
    Асет Губашев,
    «Самұрық-Энерго» командасынан
«SK Әзіл Fest» – бұл жай ғана ойын емес.
Бұл – қарапайым қызметкерлердің талантын ашуға, ұжымды шабыттандыруға, қолдауды сезінуге мүмкіндік беретін алаң. Бұл – әдетте жұмыс киімімен жүретін жандарға софит жарығында жарқырауға жол ашатын сахна. Бұл – адам жанын жылытатын әзіл мен жақсылықты насихаттайтын жоба.
Жоба компаниялар тобының мәдени өмірінен өз орнын алып үлгерді және қатысушылардың жоғары ынтасына қарағанда, алдағы уақытта қарқынды түрде дами бермек.
Архив
SK ӘЗІЛ FEST 2024
SK Әзіл Fest: SAMRUK BATTLE — шынайы өмірде игі істер жасауға мүмкіндік! Күлкі мерекесінде жиналған барлық қаражат «Samruk-Kazyna Trust» қоры арқылы қайырымдылыққа бағытталады.

Түскен қаржының барлығы ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинеттер ашуға жұмсалады. Бұл балалардың білім алып, дамуына қажетті жағдай жасауға мүмкіндік береді.
Әрбір адам кез келген сомада қайырымдылық жасап, жобаның жүзеге асуына өз үлесін қоса алады. Төмендегі QR-кодты сканерлеп, өзіңіздің қайырымдылық көмегіңізді жасаңыз және әлемді бәріне қолжетімді етуге ат салысыңыз!
Отсканируй!
Жақсылық жасауға үлес қосыңыз!
Жол сызбасы
12 шілде 16:00
Жартылай
19 қыркүйек 17:00
Финал